К 30-летию Независимости Казахстана | 07 наурыз 11:11

Маңғыстаумұнайгазда – көктем мерекесі

Жыл сайын көктем мерекесі қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қыз-келіншектердің мерейін асырып, марапат төріне шығарады. Осынау игі дәстүрмен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өндірістің өркенді дамуына еселеп үлес қосып жүрген аруларға арналған мерекелік кеш өтті.

Бұл күні нәзіктік пен сұлулық атаулыны бойына жиған қыз-келіншектер мен мұнай саласында абыройлы еңбек еткен ардагер аналардың құшақтары гүлге толды.

 

Салтанатты іс-шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі әлеуметтік-ақпараттық саясат және сүйемелдеу департаментінің директоры Аманғали Нұрдәулетов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев, директорының бірінші орынбасары Сюй Шиго, кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәди Кентанов әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтап, өндірісті өркендетуге атсалысқан қызметкерлерді марапаттады.

Мерейлі кеште «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мен «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясына қарасты мұнай компанияларының талантты жас мұнайшылары, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбділдина ән мен жырдан шашу шашып, көрермендердің көңілін көкке көтерді.