К 30-летию Независимости Казахстана | 23 мамыр 10:16

Маңғыстаумұнайгазда әйелдер үлесі 17 пайызды құрайды

Олар компанияның дамуы мен өркендеуіне өзіндік қомақты үлестерін қосып жүр.

Қазақстандағы CNPC 25 жылдығы аясында біздің әріптестеріміз «Kazenergy» қауымдастығы ұйымдастырған Әйелдер энергетикалық форумына қатысты.

Жыл сайын еліміздің энергетикалық секторында әйелдердің саны артып келеді және біздің Компания да бұл үрдісте ерекше орында.

Бүгінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да әйелдердің үлесі 17% -ды құрайды, олар ер адамдармен қатар өндірістік және әлеуметтік міндеттерді лайықты шешуде, компанияның дамуы мен өркендеуіне өзіндік қомақты үлестерін қосуда.