К 30-летию Независимости Казахстана | 04 желтоқсан 10:30

Маңғыстаумұнайгазда экологиялық бақылау цифрландырылды

2023 жылдан бастап “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ құрылымдық және өндірістік бөлімшелерінде «Өндірістік экологиялық бақылау» (ӨЭБ) жүргізудің электронды модулі енгізілді. Бұл жаңа жүйе экологиялық бақылау процесін автоматтандыруға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны енгізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:

Жүйенің тұрақты жұмысы: «ӨЭБ» бағдарламасы үзіліссіз жұмыс істеп, деректерді дәл және уақытылы алуға жағдай жасайды. Ақпаратқа жедел қолжетімділік: Жүйе экологиялық деректерді жинақтап, нақты ақпарат қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қателіктерді бақылау: Қателіктерді анықтап, түзету процестерін тиімді басқаруға жағдай жасайды.

Электронды модульді енгізу аясында «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік бөлімшелерінде арнайы жиналыстар өткізілді. Бұл жиналыстарда «ӨЭБ» бағдарламасын қолдану бойынша нұсқаулықтар мен презентациялар көрсетіліп, барлық қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері ескерілді. Қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында дайындалған бейнематериалдар «ASPANS» платформасына жүктелген (https://mmg.object.aspans.com/ru).

 

Жиналыс нәтижелері бойынша ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, модульді жұмыс барысында басшылыққа алу үшін арнайы бұйрық дайындалып жатыр.

Бұл электронды жүйе компанияның экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырып, өндірістегі процестерді заманауи талаптарға сай жүргізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Маңғыстаумұнайгаздың жаңа мүмкіндіктері экологияны сақтауға бағытталған жауапты қадамдарын көрсетеді.