К 30-летию Независимости Казахстана | 20 июля 15:55

Маңғыстаумұнайгазда корпоративтік зияткерлік квиз өтті

Зияткерлік сайысқа «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, Ақтау қаласындағы орталық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Мұнайтелеком» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының Жас мамандар кеңестері төрағаларынан құралған біріккен команда қатысты.

Қатысушылар тарих, спорт, кино, музыка, өнер және басқа да түрлі тақырыптар бойынша білімдерін, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын сынға салды. Сайыстың арнайы кезеңдерінің бірі Маңғыстау мұнайының тарихы мен Жетібай кен орнына арналды. Әр команда өздерінің жан-жақты білімін ғана емес, сонымен қатар шапшаң шешім қабылдау, бір-біріне қолдау көрсету және ұйымшылдықпен жұмыс істеу қабілеттерін де жоғары деңгейде көрсетті.

 

Тартысты дода қорытындысы бойынша «GPT-ге дейінгілер» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Ozimiz» командасы иеленсе, үздік үштікті «Закуп алпамыстары» командасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Корпоративтік квиз қатысушыларға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас сәттер сыйлады.