К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қыркүйек 10:50

Марапат төрінде – мұнайшылар

Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен «Қаражанбасмұнай» АҚ-на 50 жыл толуына орай өндірісте жұмыс істейтін бір топ мұнайшылар марапатталды. Шарада компания басшысылығы, еңбек ұжымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады. Бас директор Марат Елеусінов қазыналы түбек өндірісін дамытудағы еңбек адамының сүбелі үлесін ерекше атап өтті.

«Қаражанбастың жарты ғасырлық тарихының қалыптасуына алдыңғы буын ардагерлерімізден бөлек сіздердің де үлестеріңіз ұшан теңіз. Өндірісті өркендету бұл – ел экономикасына елеулі үлес қосу. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын», – деді бас директор.

Жиында еліміздегі мұнай-газ саласының дамуы жолында елеулі еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер қос мерекеге орай төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ мәртебелі мамандық иелеріне ҚР Энергетика министірлігінің төсбелгісі, Облыс әкімінің Құрмет грамотасы және ҚБМ Басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.

«Марапат – мерейді өсіреді. Компания басшылығына көрсетілген құрметке алғыс білдіреміз. Бозашы мұнайы дамып, өлкенің алтын көмбесі жарқын болашаққа жол бастасын», – деді қызметкерлер.

 

Айта кетейік, Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қаражанбастың алғашқы бұрқағының жарты ғасырлық мерейтойына арналған шаралар жыл соңына дейін жоспарланған. Сондықтан жұмысшылар марапаты әлі де жалғасын табады.