Кездесудің басты тақырыбы жүк тасымалы көлемін арттыру және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясында көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері болды.
«Министр 2024 жылдың 9 айында орта дәліз арқылы жүк тасымалы көлемі 70%-ға ұлғайып, 3,4 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 айында контейнерлік тасымал көлемі 34,6 мың ДФЭ-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (12,6 мың. ДФЭ) үш есе өскенін айтты. Қытайдан келетін контейнерлер транзиті 20 есе өсті», - делінген Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
«APM Terminals Poti | Poti Sea Port Corporation» корпорациясы Грузияның Поти қаласында орналасқан және Қара теңіз жағалауындағы маңызды көлік торабы болып табылады. Компанияның басты мақсаты – жеткізу/тасымалдау тізбегінің тиімділігін арттыру.
Тараптар Қазақстан мен APM Terminals арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Транскаспий бағыты арқылы контейнерлік тасымалдың өсуін қамтамасыз етуге келісті.