К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қазан 08:23

Медициналық пойыз Қызылорда облысына келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ағымдағы жылдың 3 қарашасына дейін Сыр өңіріндегі 9 станция тұрғындарын қабылдайды. 

Осылайша доңғалақ үстіндегі емхана аялдайтын бірінші станция – Сексеуіл (18-21.10.23 ж.), әрі қарай - Сапақ (21-22.10.23 ж.), Шөміш (22-23.10.23 ж.), Белкөл (24-26.10.23 ж.), Тартоғай (26-27.10.23 ж.), Бәйгеқұм (27-29.10.23 ж.), Ақмая (29-31.10.23 ж.), Екпінді (31-02.11.23 ж.) және Аққұм (02-03.11.23 ж.) болады.

Айта кетейік, денсаулық керуеніағымдағы жылдың сәуір айында жұмысын бастағалы бері Белкөл ол халыққа көмек көрсеткен 100-ші станция болмақ.

 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.

Қызылорда облысында қызметін қорытындылаған кейін медпойыз тағы екі облыста 8 бекеттен аралайды – Түркістан (03-19.11.2023 ж.) және Жамбыл (20.11-05.12.2023 ж. дейін).

Биылғы 6 желтоқсанда «Саламатты Қазақстан» өз сапарын аяқтайды.