К 30-летию Независимости Казахстана | 01 октября 16:57

Мемлекет басшысы Достық–Мойынты теміржолының екінші желісін іске қосты

Қазақстандағы тарихи оқиға: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Достық–Мойынты теміржолының екінші желісін іске қосты  

 

Жобаның мәні Ұзындығы 836 шақырым болатын Достық–Мойынты теміржол учаскесі – Шығыс–Батыс негізгі транзиттік дәлізінің басты буыны. Ол Қытайды Еуропа, Ресеймен байланыстырады және ТХКМ бағытының бір бөлігі. Бұған дейін аталған бағыт бір жолды ғана еді және жолдың «тар тұсы» болатын, яғни тәулігіне ең көбі 12 жұп пойыз ғана өтетін. Ауқымды құрылыс жұмыстарынан кейін оның өткізу қабілеті 5 есе артып, тәулігіне 60 жұп пойызға дейін өтпек.

 

Жобаның маңызы

• Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытындағы маршруттарды жеделдетеді

• Ақтау мен Құрық порттарына шығатын Транскаспий бағытын нығайтады

• Қазақстандық тауарларды экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады

• Қазақстан жаһандық тасымал картасындағы басты елдердің біріне айналады

Құрылыс туралы деректер

Бұл - нағыз тың жоба: мыңдаған маман, жаңа технологиялар, отандық зауыттардың толық жүктемесі және өңірлердегі шағын бизнестің дамуы. Жұмыстардың 85%-ын қазақстандық компаниялар орындады. Бастысы – құрылыс межелі мерзімінен екі жылға ерте аяқталды.

8,2 млн м³-тан астам жер қазу жұмыстары жүргізілді 836 км рельс-шпал жолағы төселді 92 көпір салынып, 261 құбыр тартылды Отандық өндірістің 108 мың тонна рельсі мен 1,5 млн шпалы қолданылды.