К 30-летию Независимости Казахстана | 21 сәуір 08:05

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ораза айт – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтетінін, алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіретінін атап өтті. Бұл халықтың ынтымағы нығайтып, бірлігін бекіте түседі.

«Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.