Кеңеске «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігі департаменттерінің директорлары, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында компания басшылары меморандумның орындалуы бойынша жұмыстар туралы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы биылғы жылы атқарылған істердің жай-күйі туралы есеп берді.
Кеңес соңында Құрманғазы Есқазиев мұнай қалдықтарын кәдеге жарату жұмыстарын жеделдету бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату мен жоюдың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеуді тапсырды.
Ескерте кетер жайт, 2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.