Байқауға барлығы 10 сурет жіберілді. Төлеухан Алуа (10 жас), Төлеубаева Адия (9 жас), Теміров Мирас (6 жас), Қаирова Анель (14 жас), Қаиров Инсар (7 жас), Қарауылбек Малика (8 жас), Хасенова Аяулым (10 жас), Әбдраш Ляйсан (11 жас), Тұрысбек Аянат (11 жас), Тұрысбек Асия (10 жас) компанияның атынан көркемдік шеберлікке арналған сыйлықтарды қабыл алды.
«Мұндай ішкі корпоративтік акция біздің Қоғамда алғаш рет өтті, біз оның оң пікірлерге ие болғанына өте қуаныштымыз. Болашақта біз осындай отбасылық іс шараларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз, өйткені олар ұжымның бірігуіне ықпал етеді», – деп атап өтті Мәулен Айманбетов.