К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 13:15

«Менің туған өлкем - мұнайлы өңір» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен басқарма мұнайшыларының 6-13 жас аралығындағы балалары арасында сурет салудан «Менің туған өлкем - мұнайлы өңір» атты байқауы өткізілді.

Сурет байқауына 42 бала қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай 8 бала жүлделі орындарға ие болып, оларға диплом мен қаржылай сертификаттар берілді. Сонымен қатар, қатысқан барлық балаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

6-9 жас аралығында:

1 орын - Айшат Ардаққызы (әкесі - Ардақ Мамбетов №4 мұнай-газ өндіру цехының мұнай өндіру операторы) 2 орын - Әлихан Уалитхан (Әділжан Курасов мұнай дайындау және айдау цехының операторы) 3 орын - Медина Мұхаммедрахимқызы (әкесі Мұхаммедрахим Оралбеков - мұнай дайындау және айдау цехының операторы) 3 орын - Мадина Сембай (әкесі Айбол Рахышев № 5 мұнай дайындау және айдау цехының операторы)

10-13 жас аралығында:

1 орын - Айару Күншығар, Жанару Күншыгар (әкесі - Сапуан Гаммаев №2 мұнай-газ өндіру цехының технологы) 2 орын - Арайлым Ерболқызы (әкесі - Ербол Исмагулов энергетика бөлімінің бастығы) 3 орын - Жасмин Болатбекқызы (әкесі - Болатбек Қарабалин - еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің инженері) 3 орын - Әди Ғинаят (әкесі - Жарқын Темеев еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің маманы)