К 30-летию Независимости Казахстана | 14 желтоқсан 17:10

«Менің Туым. Менің Отаным!» Елорда тұрғындары акцияны қолдады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалықтар «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау білдірді. Тұрғындары акцияға қолдау ретінде балкондарға ту ілді, деп хабарлайды SKnews Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін барлығымыз Отанымызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде біріктік! Мұндай сәттерде патриоттық рух ерекше сезіледі. Мен қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, барлығына амандық пен өркендеу тілеймін», - дейді елорда тұрғыны Ұлжан Мырзагелдиева.

Челленджге ондаған ҮЕҰ және басқа ұйымдар қатысады. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтайды және акцияны қолдауға шақырады. Сондай-ақ #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы тұрғындар акцияға белсенді қатыса алады.