К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қыркүйек 08:00

Мердігер жұмысшыларының еңбек мәселесі сөз болды

Өзара іс – қимылды нығайту және жұмыс жағдайымен танысу мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның көлік жөніндегі басқарушы директоры Шаттық Кульшиков «Мобил Сервис Групп» ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымының жұмысшыларымен кездесті.

Кен орнына жұмыс сапары барысында басшылық серіктестіктің жатақханасында, асханасында, өндірістік базасында болды. Жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалды. МСГ директоры Жұмалы Донбаев жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындап, қолданысқа енгізгенін атап өтті.

Нақтырақ айтсақ, жатақхана мен асхананы кеңейту жоспарланып отыр. Әрі қарай жұмыс істеу кезінде жұмысшылар тарапынан келіп түскен ұсыныстар назарға алынатын болады.