Аз қамтылған отбасына 2 бөлмелі пәтердің кілтін «Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығы, Мақат аудандық мәслихат депутаты Серік Әбдиев табыс етті.
Айта кетейік, ембілік мұнайшылар аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған. 2019 жылы ембілік қызметкерлер бір күндік жалақысы есебінен Атырау облысының 5 ауданындағы көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 отбасыға үй сыйға тартқан еді.