Жалпы, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ федерациясы Жастар кеңесінің жұмысы белсенді күйге енген. 26-28 қыркүйек күндері өтетін форум алаңында болса, ортақ корпоративтік стандарт әзірлеу мәселесі қаралып, шығармашылық басқосулар өтпек.
Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі келесі оқу модульдерінен тұрады: «Кәсіподақ көшбасшылығы», «Қаржы менеджменті», «Құқықтық сауаттылық және жауапкершілік», «Медиация мен кикілжіңдерді басқару», «Персоналды басқару» және «Тиімді коммуникация». Сабақтар қорытындысында қатысушылар арнайы сынақ тапсырып, оларға сертификаттар беріледі.
Кәсіподақ қызметкерлерінің жаңа сипатын қалыптастыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет қолға алынған кешенді білім беру жобасының мақсаты - еңбек ұжымдарындағы оңтайлы қарым-қатынастың қазіргі заманғы тәсілдеріне үйрету. Жобаны ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы бірлесе қолға алған.