Осы ретте 190 мың тонна тартылған астық өнімдері, соның ішінде экспортқа 134 мың тонна ұн тасымалданған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәуірбаевтің атап өткеніндей, жүк жөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету – ерекше бақылауда, ал әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау толық көлемде орындалуда.
2018 жылы 11,5 млн тонна астық тиелсе, бұл 2017 жылдың деңгейінен 35%-ға асқан. Оның ішінде экспорт – 8,8 млн тоннаны құраған. Бұл 2017 жыл көрсеткішінен 52%-ға артық. Тартылған астық өнімі 3,5 млн тоннаға тиелсе, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% артық деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.