Сан қилы сынақты 60 секундта үлгеру мұнайшылар үшін оңайға соқпады. Алғашқы кезеңінде олар белгіленген нүктеге пластикалық бөтелкені дөп қойып, артынша қарындаштарды бір қолмен қағып алуға тырысты. Әр кезең сайын тапсырмалар күрделене түсті.
«Сайыста тек логикалық емес, физикалық шапшаңдық та керек. Әріптестерім мықты ойын өрнегін көрсете білді. Осындай сайыстар көп ұйымдастырыла берсін!», - деді дода қатысушысы.
Сайысқа қатысқан әр жұмысшы әріптестер сенімін ақтап, үздік нәтиже көрсету үшін барын салды. Дегенмен қарсыластардан оқ бойы озық өнер көрсетіп, бабы мен бағы қатар шапқан өндірісті автоматтандыру цехының (ӨАЦ) бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі Бекзат Қуандықов жарыс жеңімпазы атанды.