2007-2010 жылдары «Қазинспекторат» тәуелсіз компаниясында мұнай және мұнай өнімдерін зерттеумен айналысты, аға химик және мұнай зертханасы бастығының м.а. лауазымдарын атқарды.
2010 жылдан бастап «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз») жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кәсіпшілік химия зертханасының жетекші инженері. Жұмыс барысында қабаттық және айдалатын сулардың физика-химиялық қасиеттерін, мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттерін, мұнай мен газды хроматографиялық зерттеумен айналысты. Бүгінде микробиология саласында жұмыс істейді: мұнай-газ кен орындарындағы биокоррозия процесіне тікелей немесе жанама қатысатын бактерияларды зерттеумен, олардың тіршілік әрекетін төмендететін химиялық реагенттерді анықтаумен айналысады.
Жұмыс барысында 17 ғылыми жұмыс жарияланып, екі патент алынды: бұрандалы қосылыстарға арналған герметикалық композицияны ойлап табуға арналған инновациялық патент (Қазақстан), кешенді әсер ететін бактерицид-ингибиторды (Әзірбайжан) қолдана отырып, газлифт әдісі кезінде пайдаланылатын газ құбырларын коррозиядан қорғауға арналған инновациялық патент. Бірқатар ведомстволық марапаттары бар: ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған.