Еншілес компаниялар арасында өтетін байрақты бәсекеде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның намысын қорғайтын спортшыларды бас директор Мұрат Мұстафаев пен кәсіподақ төрағасы Мәди Кентанов арнайы қабылдап, сәттілік тіледі.
«Өндірістік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген сіздерге жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жарыста жарқын жеңіспен оралуды тілеймін, - деп тілегін арнаған басшы биылғы спортшылардың арасында «қол күресі», «жүзу» секілді спорт түрлеріне қыздардың қызығушылық танытқаны қуантарлық жаңалық екенін ерекше атап өтті. Кездесу соңында компания туы табысталып, естелік суретке түсті.
Он бір түрлі спорт бойынша алты облыстан алты жүзден астам қатысушы қатысатын дүбірлі додаға әріптестеріміз жақсы көңіл-күйде аттанды. Олар Компания намысын қолдан бермей, жеңіспен оралатындарына сенімдіміз!