Осыған байланысты, Компанияға жұмысқа қабылдау басталмағанын, әзірге жұмысқа орналастыру механизмі ғана әзірленіп жатқанын хабарлаймыз. Жұмысқа қабылдаудың нақты және әділ алгоритмі анықталғаннан кейін арнайы комиссия құрылады.
«Жұмысқа орналасуға қатысты барлық жаңалықтар компанияның ресми сайтында және «Фейсбук» пен «Инстаграмның» ресми парақшаларында дереу жарияланатын болады. Сіздерден тек ресми ақпаратқа сену сұралады» делінген компания таратқан баспасөз хабарламасында.