К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қыркүйек 11:15

ММГ жұмысшылары 23 отбасыға көмек берді

«Мектепке жол» республикалық акциясының шеңберінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұқтаж отбасыларға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетуді жалғастырып келеді.

Жақында компания жұмыскерлері Қарақия және Маңғыстау аудандарынан келген 23 отбасыға материалдық көмек көрсетті. Мектепке керек-жарақтарды сатып алу үшін әр отбасыға 52 000 теңгеден берілді. Көмек көрсетуге арналған қаражат (1 миллион теңгеден астам) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ орталық аппаратының басшылық құрамынан жиналғанын айта кету керек.

Ата-аналар компания ұжымына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтып, еңбекте табыс және отбасыларына амандық тіледі.