К 30-летию Независимости Казахстана | 05 желтоқсан 12:30

ММГ: Қауіпсіздік күзетіндегі цифрлық технологиялар

Көлік департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті қызметкерлері «Сапарларды басқару» пилоттық жобасымен танысу бойынша көшпелі іс-шараға қатысты. Аталған іс-шара Атырау қаласындағы «Ембімұнайгаз» АҚ базасында өтті.

«Сапарларды басқару» жобасы шеңберінде «Ембімұнайгаз» АҚ GPS терминалдарынан геолокация, жылдамдық, күрт жеделдету және тежеу, қауіпсіздік белдігін пайдалану, күндізгі жүріс шамдарын қосу және т.б. көрсеткіштер бойынша деректер жинау арқылы Көлік құралдарын мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жобаның негізгі мақсаты автокөлік құралдарының мониторингі мен бақылауының бірыңғай орталықтандырылған сервисін құру арқылы қауіпсіз жүргізу мәдениетін құру және көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру болып табылады.

 

Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ҚР Құрметті мұнайшысы Салтанат Балғымбаевтың құрметіне аталған кен орнында болып, мұнайшы әріптестерімен кездесіп, «Сапарларды басқару» жобасының жұмыс барысымен іс жүзінде танысты.

Келесі күні «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде осы жоба бойынша пікірталас кеңесі өтті, оның барысында іс-шараны ұйымдастырушылар мен қонақтар өз әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

«Жалпы кездесу жоғары деңгейде өтті, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әріптестерімізге алғыс айтқым келеді, біз көптеген қызықты және пайдалы мәселелерді біліп, тәжірибе және біліммен алмасып үлгердік, – деді қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері Бақытжан Нұранов. – Өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру біздің басты басымдықтарымыздың бірі және алдағы уақытта да солай болып қала береді».