К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қазан 10:20

ММГ мамандары бес аталымда жүлдегер атанды

Қызылордада өткізілген «Үздік маман - 2022» кәсіби додасында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері 5 аталым бойынша жүлделі болды.

Слесарь-жөндеушілер сайысында «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №1 МГӨК, 5-дәрежелі слесарь-жөндеушісі Абдол Бижанов екінші орынды иеленсе, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҒЗжӨЖЦ 5-дәрежелі ұңғымаларды зерттеу операторы Асхат Қазиев, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ №2 МГӨК 4-дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы Қуаныш Серікбаев, сондай-ақ, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 4-дәрежелі қабат қысымын ұстау цехының операторы Серікбол Айжарықов және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ Механикалық цехтың 5-дәрежелі темір жонушысы Рахат Иман жеңіс тұғырының 3-ші сатысынан көрінді.