К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қараша 14:22

ММГ мамандары Мұнайшы ауылының мектебінде ашық есік күнін өткізді

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның осы жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» өтті. Кездесуді Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының №7 мектебінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаментінің Өрт қауіпсіздік қызметі, «Семсер Өрт-сөндіруші» ЖШС бірлесе отырып оқушылар арасында ұйымдастырды.

Шараға 9-10-11 сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты.

Оларға мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт кезінде эвакуациялау туралы нұсқаулықтар айтылып, өрт сөндіру көлігіндегі өрт сөндіру құралдарымен толық танысты. Сондай-ақ, тыныс алу аппараты және өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі де киіп көрсетілді.

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Өрт қауіпсіздік қызметінің оқтаушысы А.Қ. Итешов оқушыларға алғашқы өрт сөндіру құралын (ұнтақты өрт сөндіргіш) қалай пайдаланудың қыр-сырын көрсетіп, өрт сөндіргішті тәжірибе жүзінде қолдануды үйретті. Кездесу соңында оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.