К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қараша 13:37

Моңғолия 2030 жылға қарай жүк тасымалын 41 млн тоннаға жеткізбек

Осы жылдың қорытындысы бойынша Ұлан-Батыр темір жолы 26-27 млн тонна жүк тасымалдайды, деп хабарлады Rail-news.kz. 

Өткен жылы 31,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы Трансеуразиялық тасымалдау жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің XXXI пленарлы жиынында «Ұлан-Батыр темір жолы» АҚ басшысының орынбасары Дашдамба Амарбаясгалан айтты.

Жиын барысында қазіргі ахауалға қарай Трансеуразиялық тасымалдау бағыттарын дамыту мәселесі қаралды.

Моңғолияда транзиттік тасымалдауды дамыту үшін теміржол бірқатар шекаралық бекеттерді игере бастаған. Д. Амарбаясгаланның айтуынша, Сухэ-Батыр – Наушки шекаралық өткелі күніне 10 пойызға дейін қабылдай алады. Қазір онда күніне 6,4 пойыз өңделіп отыр екен.

Сондай-ақ осы жылы Замын-Ууд- Эрлянь шекара өткелінде жаңа теміржол айрығының құрылысы басталған.