К 30-летию Независимости Казахстана | 26 мамыр 08:24

Мойынқұм монтері

Абдулла Асанов – «Қазақтелеком» АҚ Желілік байланыс қондырғылары мен абонент құрылғылары инженері.

Ол байланыс саласында 35 жылдан бері жүр. Абдулла майданнан оралғасын зейнетке дейін байланысшы болып жұмыс істеген нағашысына еліктеп өскен. Алматы электротехникумын бітірген соң туған елінде – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Бірлік ауылында монтер болып жұмыс істеді. Кейіннен тегіс ауылға қызмет көрсеткен координаталық АТС учаскесінің бастығы болды. Абдулла Байбозұлын білмейтін адам жоқ, сол маңда оның көмегіне жүгінбеген адам тағы жоқ.

 

«Жұмысымды сүйемін. Осы мамандықты таңдағанымды әлі күнге мақтан етемін!» – дейді Абдулла Байбозұлы.

Бүгінгі таңда ол үйінен 60 шақырым жердегі Мойынқұм аудан орталығында жұмыс істеп жүр. Нұсқау жасайды, жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды бақылайды, жас монтерларға білгенін үйретеді.

Абдулла Асанов мамандығына адалдығының арқасында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, «Қазақтелекомның» 25 жылдғы төсбелгісімен марапатталды.