К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қазан 19:43

Музыкалық аспапты ұшақпен қалай тасымалдауға болады?

Музыкалық аспап та – жүктің түрі. Дегенмен, оның ерекшеліктеріне байланысты әуе компаниялары тасымалдаудың өзіндік тәртібін белгілейді. Мәселен, QAZAQ AIR компаниясы да жолаушыларға музыкалық аспаптарды тасымалдау қызметін ұсынады.

Музыкалық аспаптарды ұшақ салонында қол жүгі ретінде, сондай-ақ, жолаушыға арналған орындықта да тасымалдауға болады. QAZAQ AIR жолаушыларына ыңғайлы болуы үшін музыкалық аспаптар салмағына қарай 3 санатқа бөлінеді, бұл олардың көпшілігін ұшақ салонына ауыстыруға мүмкіндік береді. Оның тәртібі төмендегідей:

Қол жүгі ретінде тасымалдау. Ол үшін аспаптың салмағы 10 келіден, ал өлшемі 120 x 50 x 30 сантиметрден аспауы керек. Мұндай аспаптар қатарына домбыра не скрипка жатады. Жолаушы орнында тасымалдау. Аспап салмағы 10 – 75 келі аралығы, ал өлшемі: 120 x 50 x 30 см. Мысалы, виолончель не контрабас. Жүк ретінде тасымалдау. Аспап салмағы 75 келіден астам. Бұл жағдайда әуежайда жиналған 1 кг артық жүкке тариф қолданылады.

«Қызмет құны 8 мың теңгеден басталады», – деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.