Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов және «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасының қатысумен өткен жиында өңірде орын алып жатқан әлеуметтік келеңсіздіктер мен қордаланған мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары да қарастырылды.
Әкімдіктегі алқалы кеңестен кейін «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» компанияларының жетекшілері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығына жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Мұхтар Манкеев өндіріс тұрақты жұмыс істеп тұру үшін, сондай-ақ, азаматтардың денсаулығы үшін бірінші кезекте қызметкерлер жаппай екпе алу керектігін айтты. Басқарушы директор сонымен бірге қазіргі таңда Қордың күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі – әлеуметтік-еңбек мәселелері екенін атап өтті.