Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеп отыр. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Атап айтқанда, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер Казахстан» ЖШС-нен 537 вагон сатып алу жоспарлануда. Соның ішінде , жүк көтергіш механизмдермен жабдықталған мүгедектерге арналған вагондар саны – 35 бірлік.
Вагондардың алғашқы легі, 6 вагон 2025 жылы, 2026 -2029 жылдар аралығында жыл сайын тағы да алты вагоннан 24 вагон болса, 2030 жылы 5 вагон сатып алынбақ.
Ал қазіргі уақытта тасымалдаушылар тарапынан 37 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтарымен бірге бар 80 вагон бар. Оның ішінде, «Тальго» вагондарында – 20 бірлік, стандартты пойыздарда – 60 бірлік. Осы вагондардың 28 бірлігі көтеру механизмімен жабдықтаса, 52 вагонда мұндай құрылғы жоқ.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"