К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қараша 16:39

Мұнай-газ химиясын дамытуға серпін беретін жоба

Атырау облысында Біріккен газ-химия кешенінің құрамында полиэтилен өндірісі бойынша қуаттылықтар құру жобасын жүзеге асыру аясында 7-12 қараша аралығында «KLPE» ЖШС өкілдері стратегиялық серіктестермен «Полиэтилен» жобасы бойынша іскери келіссөздер жүргізді. ​

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Айқындау» (FEED) сатысына өту бойынша негізгі шараларды мақұлдады. Сондай-ақ, кеңейтілген базалық жобаларды әзірлеуге әлеуетті мердігерлерге техникалық бағалау жүргізіліп, алдағы өзара бірлескен әрекеттер талқыланды.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасында мұнай-газ химиясын дамытуға жаңа қуатты серпін береді.