«Бутадиен» жобасы Қазақстан Үкіметінің қолдауымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында жылына 300 мың тоннадан астам өнім шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Осылайша, шамамен 750 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Зауытта мұнай-газ химиясы мен шина өнеркәсібінде сұранысқа ие бес түрлі өнім шығарылады: Зауытты 2029 жылы өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған. Жобаны іске асыру Қазақстанға көмірсутектерді терең өңдеуді дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға, жоғары қосылған құны бар өнімдердің экспортын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жобаны «Бутадиен» ЖШС жүзеге асыруда. Аталған компанияның 100% үлесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы Samruk-Kazyna Ondeu-ге тиесілі.