«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау берілген технологиялық режимдерде жүзеге асырылады. Электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты «Атырау-Самара» учаскесінде («KEGOC» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ) мұнай тасымалдауды уақытша тоқтата тұру барысында жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау бойынша шектеулер болған жоқ. Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 1235,7 км «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өтеді.