К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қаңтар 15:47

Мұнайдың әлемдік бағасы 79 долларға дейін өсті

ICE Лондон биржасындағы сейсенбі таңда өткен сауда-саттықта Brent маркалы мұнай бағасы 79 долларға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ICE биржасына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі саудада бұл маркалы мұнай баррелінің құны 81,53 долларға жеткенімен, күн соңында 79,65 доллар болды.

Сауда жүргізілген жердің уақытымен 10 қаңтар күнгі сағат 10:21-дегі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 0,29 пайызға өсіп, барреліне 79,690 долларды құрады.

Бағаның өсуіне Қытай шекарасының ашылуы себеп болды.