«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобындағы мұнайшылардың балалары арасындағы байқауға 100-ден аса жұмыс келіп түсті.
Балалардың басым бөлігі өз туындыларында қайырымдылық жасау, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау тақырыптарын көтерген. Олар өздерінің танымдық көзқарасын, қоғамға деген жанашырлығын түрлі формада беруге тырысқан. Әр баланың жұмысы ерекше. Алайда байқау ережесі бойынша үздіктерді таңдалды.
Редакцияның қазылар алқасы шешімімен екінші орынды Інжу Болатбай иеленді. Інжудің әкесі Қаражанбастың №3 мұнай өндіру цехында геолог болып жұмыс істейді. ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кішкентай суретшіні құттықтап, оған шығармашылық шабыт пен жеңіс тіледі.
ҚБМ Басқармасы Інжуге ҚМГ атынан диплом, сыйлықтар, сондай-ақ «Қазыналы Қаражанбас» мерейтойлық кітабын табыс етті.