"Мұнайлы өлке" өкілдері маусым-шілде айларында тағы да екі отбасының тауқыметіне ортақтасқандарын айтады. Бірі - Компаниядағы әріптестері, ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана Гүлиям Кощибековаға перзентінің еміне 200 000 теңге көлемінде қаржылай демеу табысталған.
3 бала тәрбиелеп отырған жесір ана Дина Утарбаева апаның болса, балаларының үлкені Бақберген туабітті жүрек ауруына шалдыққан. Арнайы күтімді қажет етеді. Жолдасы 2012 жылы бақилық болған. Меншіктерінде баспаналары жоқ, бүгінде Батыр ауылында 1 бөлмелі жалдамалы үйде күнелтуде.
Дегенмен апаның Батыр ауылының көшелерінің бірінен салынып жатқан үйі бар екен. Дәл қазір Ар-Раһман мешіті жамағатының көмегімен қабырғалары көтеріліп, төбесін жабатын тұсқа келіпті. Қорға хабарласқандағы өтініші де осы болған. Періште балаларының несібесі болар, өтінішін қабыл алынып, шығындар жылдам есептеліп, нәтижесінде 448 000 теңгеге шатыр құрастыруға қажетті барлық құрылыс бұйымдары алып берілген.
"Мұнайлы өлке" өкілдері Қорға салымшы болып үлгермеген басқа да әріптестерін қатарға қосылуға, жақсылыққа асығуға шақырады.