Кітапхана қорында шамамен 30 мың кітап бар. Мұнда компьютерлік техникамен жабдықталған 50 орындық оқу залы және балалар бөлімі жұмыс істейді. Көру қабілеті нашар жандар үшін Брайль жүйесімен басылған әдебиеттер қарастырылған. Мұражай бөлімінде Доссор мен Атырау облысының тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ мұнай-газ саласының қалыптасуына арналған 4 500-ден астам жәдігер қойылған. Кешенді құру барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Жоба «Ембімұнайгаз» АҚ бастамасымен және «Самұрық-Қазына» қолдауымен жүзеге асырылды. 858,9 млн теңге көлеміндегі қаржыландыру «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы бөлінді. Жалпы, соңғы 10 жылда «Самұрық-Қазына» тобы Атырау облысында 34 жобаны жүзеге асыруға 14,81 млрд теңге бағыттаған.