Байқау бес бөлімнен бойынша өткізілді. Олардың әрқайсысында қатысушылар туған өлке тарихы, «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген, Маңғыстау», бейне сұрақтар, «Ұшқыр ой», «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыптырға қатысты сұрақтарға жауап берді. Мұнайшылар тапсырмаларды орындау үшін бар білімі мен логикалық мүмкіндіктерін пайдаланды. Олар сайыс барысында командалық рух пен ерекше белсенділік танытты.
Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын «Жалын» командасы жеңіп алды. Екінші орынға «Бірлік», үшінші орынға «Бозжыра» тобы жайғасты. Ал «Сұңқарлар» төртінші орын иеленді. Көрермендердің қошеметіне бөленген жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.