К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қараша 08:20

Мұнайшылар арасында коммуникацияның болуы маңызды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің басшылары, сондай-ақ қоғамның цехкомдары, «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының бастықтары, компания ішіндегі стратегиялық коммуникациялар және тиімді өндірістік қатынастар бойынша оқыту іс-шарасына қатысты.

Оқу курсы Зеренді ауылында өтті, Маңғыстау мұнайшыларынан басқа, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қаражанбасмұнай» өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар стратегиялық коммуникациялардың теориялық негіздерін талқылады, практикалық сабақтар барысында стратегиялық мақсаттарды айқындау, коммуникациялық науқандар мен іс-шараларды жоспарлау, дайындау және іске асыру тәсілдері туралы білді.

«Оқыту жоғары деңгейде өтті, курс барысында біз спикерлер мен әріптестерден көптеген жаңа нәрселерді білдік, сондай-ақ өз тәжірибелеріміз бен білімдерімізбен бөлістік, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізіледі деп үміттенеміз», – деп атап өтті «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Бекес Құлмұрынов.