К 30-летию Независимости Казахстана | 12 мамыр 10:20

Мұнайшылар арасындағы достық турнирі

10 мамырда ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай, Қаламқас кенорнында Қаламқас пен Қаражанбас мұнайшылары арасында командалық жолдастық жарыстар өтті.

Турнир ә дегеннен эмоциоға, жарқын сәттерге толы болды.

Нәтижесінде үстел теннисінен Қаламқас командасы 2:1 есебімен жеңіске жетсе, шахмат турнирінде біздің мұнайшылар 3:1 есебімен алға шықты. Ал волейболдан спорттық жарыстар Қаламқас мұнайшыларының толық жеңісімен аяқталды – 3:0.

Осылайша, Қаламқас құрамасы жалпы командалық жарыста жеңімпаз атанды. Жарыс соңында ұйымдастырушылар қонақтарға Достық Кубогын табыстап, келесі турнирді Қаражанбас кен орнында өткізуге келісті.