Отбасыларды құттықтауға үлгеру үшін орталық кеңсе қызметкерлері бірнеше топқа бөлінді. Көмек алдымен қарттарға, көп балалы отбасыларға көрсетілді. Солардың бірі – Тұрсынай Нысанбаева. Өмірзақ ауылының тұрғыны жеті бала тәрбиелеп отыр. Перзенттерінің бірі мүгедектігі бойынша есепте тұр.
«Жаңа жыл қарсаңында отбасыларды мерекемен құттықтау біз үшін дәстүрге айналды. Әр үйде мерекелік көңіл-күй орнасын, армандар орындалып, балалар қуансын. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!», – деп атап өтті қаражанбастықтар.
ҚБМ-ның әр департаменті игі іске үлкен жауапкершілікпен қарады, өйткені балаларға қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ.