Дәрігерлер бір күн ішінде 20-ға жуық адамды қабылдады. Олардың айтуынша, жұмысшылар буын ауруларына, жоғары қан қысымына шағымданады және қант диабеті сияқты аурулар да кездеседі. Мұндай диагнозы барлар дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап, дұрыс тамақтануды қатаң сақтауы керек. Дәрігерлер әр науқасты мұқият тексеріп, ем тағайындайды.
«Дәрігерлердің кен орнына келуі біз үшін өте ыңғайлы. Жұмыс ауысымынан кейін кезекпен тексерілеміз. Жағдайымыз жақсы, дұрыс тамақтанамыз. Бірақ өндірістік объектілердегі жұмыс денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Сондықтан ай сайын тексеруден өтуге тырысамыз, ол үшін жағдай жасалған», – деді мұнайшылар.
Осылайша, компания жұмысшылар денсаулығын жақсарту, өмір сүру ұзақтығын арттыру және еңбек жағдайларын жеңілдету үшін ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.