К 30-летию Независимости Казахстана | 16 августа 09:41

Мұнайшылар династиясының жарқын өкілі

Қазақ мұнайының 120 жылдан асқан тарихында қалыптасқан мұнайшылар әулеті аз емес. Солардың бірі Дүйсен Бүркітұлы Жақашевтың әулеті. Оның ұлдары ғана емес, олардан тараған ұрпақтары да мұнай саласында қызмет етіп келеді. 

 

Дүйсен Жақашев көп жылдар бойы мұнай саласында қызмет етіп, «Мақатнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында Партиялық комитетті (Портком) басқарған. Сонымен қатар, Кәсіподақ төрағасы болып қызмет етті. Ұлдары Тәңірберген, Ғалым, Марат та мұнай саласында қызмет атқарған.

Тәңірберген Дүйсенов бүкіл еңбек жолын мұнай саласына арнап, «Мақатмұнайгаз» басқармасы бастығы, «Доссормұнайгаз» басқармасында басшылық қызметтерін атқарды. Ғалым Жақаш та бүкіл еңбек жолында мұнайшы қызметін атқарып, «Қайнармұнайгаз» басқармасы бастығы, «Құлсарымұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» басқармаларында басшылық лауазымдарды атқарған.

Қазіргі таңда, Тәңірберген Дүйсеновтің ұлдары Рафиль, Ғизат, Ияр мұнайшы мамандығын таңдап, мұнай саласында абыройлы қызмет етіп жүр. Ғалым мен Марат Жақаштың ұл-қыздары да Дарина, Ғаниет, Дияр, Жігер, Әділет, Гүлдана еліміздің ірі мұнай өндіру мекемелерінде еселі еңбек етіп келеді.

 

Жақашев Жігер Маратұлы 1983 жылдың 27-ші наурызында (қазіргі) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара-Арна селолық округінің орталығы – Шоқпартоғай ауылында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келді. Әкесі Жақашев Марат Дүйсенұлы (зейнеткер) – механик мамандығы иегері осы ауылдағы «Қазақстан» совхозында қарапайым жұмысшыдан бастап басшылық қызметтерде еңбек етіп, еліміз егемендік алғаннан кейін мұнай саласында қызмет етті.  Анасы Тәженғали Нәсіп Бағытжанқызы (зейнеткер) - «Қазақстан» совхозында бухгалтер болып еңбек етті. Марат Дұйсенұлы құрған отбасы 2 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға жеткізген. Жігер осы жанұяның үлкен ұлы.

1999 жылы, осы Шоқпартоғай ауылының №3 жоғары сатылы мектепті үздік қызыл аттестатпен аяқтап, «Мұнай-газ саласындағы аққпараттық технологиялар» мамандығы бойынша мемлекеттен бөлінген тегін оқуды (кредит) жеңіп алып, Атырау мұнай және газ инстутына түседі. Аталған институтты 2004 жылы қызыл дипломмен аяқтап, жолдама бойынша «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына жұмысқа орналасады. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 2005-2007 жылдары Атырау мұнай және газ инстутының аспирантура мен магистратурасында оқып «Экономика Магистрі» академиялық дәрежесін алады.

Жақашев Жігер еңбек жолын 2002 жылдың маусым айында «Ембімұнайэнерго» ЖШС-нің «Құлсары» электроторабында слесарь болып қарапайым жұмысшыдан бастаған. Оқуы мен тәжірибені қатар ұстап 2002-2004 жылдары Атырау мұнай және газ инстутының «Информатика» кафедрасында инженер болып қызмет етті. 2004 жылы қызыл дипломмен жолдама арқылы Атырау өңіріндегі ірі мұнай мекемесі "Ембімұнайгаз" АҚ-ның «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының автоматика бөлімінде техник болып орналасып, одан кейін бөлімнің аға инженері қызметін атқарады. Мекемедегі структуралық өзгерістерге сай 2007 жылы «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында өндірісті автоматтандыру бөлімінде инженер, 1 категориялы АСУТП инженері қызметтерін абыроймен атқарады. Қызметінде талаптылығы мен біліктілігі жағынан жақсы көрініп, Астана қаласына «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ шақыру алып, 2014-2018 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар және АСУТП департаментінде аға инженер болып қызмет етеді.

2018-2020 жылдары структуралық өзгерістерге байланысты, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінде автоматизация секторының жетекші инженері лауазымын атқарады. 2021 жылы мұнайлы өлке Атырау өңіріне қайта келіп,  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның орталық басқару аппаратында өндірісті автоматтандыру және ИТ департаментінде метрология бойынша жетекші инженер, одан соң өндірісті автоматтандыру бөлімі бастығының орынбасары лауазымын абыроймен атқарды. Қазіргі таңда, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында өндірісті автоматтандыру бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келеді. 

Жұмыста жемісті жетістіктерге жетумен қатар, әлеуметтік мәселерге белсене араласты: «ҚМГ Жас мамандар» ұйымының мүшесі болды, «In house training school» тренингтік жобаға қатысып, тренерлік біліктілік алды. Мұнай саласындағы белсенді еңбегі мен талабының табандылығы ескеріліп, еңбек еткен мекемелерден (Атырау мұнай және газ институты, «Құлсарымұнайгаз»/«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ) көптеген алғыс хаттар мен құрмет граматалырамен марапатталған (тіркелді). Сонымен қатар, медальдар мен төстік белгілермен марапатталған: «Ембімұнайгаз» АҚ 100-жыл» медалі, «Прорва кен орнына 50 жыл» төстік белгісі және т.б.

 

Жастайынан талапты болып өскен, бала кезінен спортқа да бейім. Астанаға көшкеннен кейін, сол ортаның ырғағына кіріп көптеген марафондарға қатысып «Марафоншы» атағымен танылып жүрген спортшы азамат. 2015 жылдан бері әр қалаларда, әр түрлі марафондарға қатысып мәре медальдардың иегері. 

Егеменді еліміздің экономикасы іргесін мықтап ұстаудағы ең басты үлес қосып келе жатқан Қазақстан мұнай саласына да 125 жылдан астап тарихы бар. Сол ғұмырдан асқан Қазақ мұнайы тарихында Қазақ елі бойынша 20 шақты «Мұнайшылар династиясы» бар. Атадан әкеге, әкеден балаға жалғасқан осы мұнай саласында қызмет етіп жүрген Жақашев Жігер Маратұлы сол «Мұнайшылар династиясы» қатарында. Ата мен әке жолын қуып келе жатқан Мұнайшы династия өкілі Жақашев Дүйсеннің немерелері де мұнай саласында абыройлы еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда, Жақашев Жігер өз отбасымен әке-анасымен бірге Атырау қаласында тұрады. Жұбайы Кенжалиева Ләззат екеуі 4 қыз 1 ұл өсіріп, терезесі тең, керегесі кең жанұя қатарында қоғамның тағы бір маңызды ұяшығын қалыптастырып келеді.