К 30-летию Независимости Казахстана | 10 желтоқсан 08:00

Мұнайшылар мемлекеттік наградаларға ие болды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Сапар барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға және мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында Сенат Спикері Мемлекет басшысының атынан еліміздің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан маңғыстаулықтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшысы Нұрпейіс Сәрсенбайды жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бақтыкерей Дүсіповты «Шапағат» медалімен және мұнай-газ саласының ардагері Бақтығали Жаңабаевты «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

 

«Бұл лайықты марапаттар Сіздердің көп жылғы адал еңбектеріңіз үшін берілген баға! Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын өндіріп, дамытуға қосқан зор үлесіңізді мойындау болып табылады. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, сергектік, оптимизм, жаңа табыстар тілей отырып, сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамытуға және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосады деп сенеміз!» делінген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ таратқан хабарламада.