"Сайыс жастардың ерік-жігерін шыңдап, көтеріңкі көңіл-күй береді. Адам спортпен айналысу арқылы денсаулығына көңіл бөлсе - өзін-өзі сыйлағаны. Спортпен шұғылданған жан зиянды әдеттерден аулақ болады. Ұлттық ойындар мергендік сынды қасиеттерді күшейтіп, шеберлікке баулиды, ой-сананың жылдам өсуіне көмектеседі", - дейді "Өзенмұнайгаз" АҚ Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бердібайұлы.
Сонымен, ұлттық ойын түрлері бойынша командалар төмендегідей көрсеткіштерге иеленді:
Арқан тарту: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ;
Аударыспақ: 1-орын №1 МГӨБ, 2-орын №2 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ;
Садақ ату: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын№1 МГӨБ, 3-орын№3 МГӨБ;
Ләңгі тебу: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ.
Жалпы командалық есеп бойынша бас кубок №2 МГӨБ командасына тапсырылды. 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ командасы үлесіне тиді. Жеңімпаздарға кубок пен диплом, қаржылай сыйлық берілді.