К 30-летию Независимости Казахстана | 28 маусым 08:30

Мұнайшылар сенбілікке ерекше мән береді

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары апта сайынғы дәстүр бойынша көшеттерді суаруға шықты. Бұл жолы сенбілікке қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаментінің қызметкерлері қатысты. Оларға мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық интернат үйінің аумағына отырғызылған 100 түп көшетті күтіп-баптау бекітілген.

Агрономның айтуынша, жасыл желек жақсы тамыр жайып, жапырақтары гүлдеген. Әр ағаштың жағдайымен танысқан олар суаруға кірісті. Сарапшылар көшеттерді отырғызған жылы жиі суару керектігін айтты. Сонымен қатар, мезгіл сайын, тыңайтқыштармен биоөңдеу жасап тұру қажет. Мұнайшылар аталған іске ерекше мән береді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сәуір айында ҚБМ қызметкерлері кен орны мен облыстың бірқатар әлеуметтік нысандары аумағына 3000 түп көшет отырғызды. Мұнайшылар тал егумен қатар жасыл желекті күту және суару міндетін өз мойнына алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Қаражанбасмұнай" АҚ (@karazhanbasmunai_press)