К 30-летию Независимости Казахстана | 20 маусым 08:30

Мұнайшылар спартакиадасының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары жұмысшыларының 5-тобы спартакиаданың іріктеу кезеңін сәтті аяқталды. Екі күн бойы «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ), «Oil Services Company» ЖШС (OSC), «Oil Construction Company» ЖШС (ОСС), «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (ОТК), «Мұнайтелеком» ЖШС және «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС еңбек ұжымдары спорттың 11 түрінен сынға түсті.

Қатысушылар шағын футбол, волейбол, баскетбол, теннис ойнап, арқан тарту мен қол күресте күш сынасты. Бұдан бөлек жұмысшылар шахмат пен тоғызқұмалақта зияткерлік қабілетін паш етіп, киберспорттан үздіктерді анықтады.

 

Жалпы командалық және жеке қатысушылар нәтижесі төмендегідей:

Шағын футболдан ҚБМ командасы жарқын ойын көрсетіп, І орынға ие болды. II сатыға OSC командасы тұрақтаса, III орын OСC құрамасына бұйырды.

Волейбол (ерлер арасында): I орын – OSC, II орын – ҚБМ, III орын - «Маңғыстауэнергомұнай».

Волейбол( әйелдер арасында): I орын - ҚБМ, II орын-ОСС, III орын - ОТК.

Баскетбол: I орын – ҚБМ, II орын – ОСС, III орын - «Мұнайтелеком».

Арқан тарту: I орын - OSC, II орын - ҚБМ, III орын-ОТК.

Асық ату: I орын - ҚБМ, II орын - «Мұнайтелеком», III орын - OSC.

 

Шахмат (ерлер арасында): I орын – OSC, II орын – «Маңғыстауэнергомунай», III орын - ОТК. Бұл сайыста ҚБМ IV сатыға тұрақтады.

Қол күрестен (80 келіге дейінгі ерлер арасында): I орын OSC жұмысшысы Рахат Бейсеновке, II орын ҚБМ-дық Жұмат Сағындықовқа, ал III орын «Маңғыстауэнергомұнайлық» Бақтыбек Майлановқа бұйырды.

Қол күрес (ерлер арасында +80 келі): I орын – OSC, II орын - «Маңғыстауэнергомұнай», III орын - ОТК.

60 келіге дейінгі әйелдер арасында қол күрестен I орынды ҚБМ-дық Құралай Ақжігітова жеңіп алды.

60+ келі салмақ дәрежесі бойынша да І орын Сара Акаеваға бұйырып, жеңіс ҚБМ қоржынында қалды.

Тоғызқұмалақ (ерлер арасында): І орын - ҚБМ-дық Бернұр Ғабдірасылұлы, II орын - OSC жұмысшысы Бақтыбай Айдарбеков, III орын - «Мұнайтелекомнан» Абылайхан Нұрғайынов.

 

Әйелдер арасындағы тоғызқұмалақ сайысында ҚБМ-дық Салима Гаржаубаева I орынды жеңіп алды.

Үстел теннисінен (ерлер арасында): I орынды «Маңғыстауэнергомұнайдан» Болат Укумбаев, II орын – ҚБМ-нан Талап Барболов, III орынды OSC-дан Нұрлан Тілегенов қанағат тұтты.

Киберспорт қорытындысы: I орын - ОСС, II орын - OSC, III орын - ҚБМ құрамасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медаль-кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ іріктеу кезеңінің чемпиондарына ақтық кезеңге жолдама берілді. Осылайша мұнайшылар спартакиада арқылы әріптестік байланысын нығайтып, жеңіс пен бірлік туын қатар желбіретті.