К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қараша 09:12

Мұнайшылар спорттық сайыстарда бақ сынады

Қаражанбаста ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 35 жылдығына арналған спорттық іс-шаралар мәреге жетті.

Екінші вахта ауысымның жұмысшылары тартысты ойын көрсетті. Олар шағын футбол мен теннис жарыстарында бағы мен бабын сынға салды.

Мұнайшылар өз цехтары мен бөлімдерінің намысын қорғау жолында күш-жігерін аямады. Олар жеңіс туын қолдан бермеу үшін намысқа тырысты. Екі күнге созылған теннис турниріне 20-ға жуық қатысушы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бөлімінің слесарі Бекзат Шадкам жеңімпаз атанды. Екінші орынды күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Еркінбек Жолдыбаев, үшінші орынды Технологиялық көлік басқармасының  жүргізушісі Берекет Отарбаев иеленді.

 

Шағын футбол турнирі де тартысқа толы болды. Жеңіс жолында 9 команда тамаша ойын көрсетті. Жартылай финалда бу өндіру цехы, технологиялық көлік басқармасы, №3 мұнай өндіру цехы, бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу басқармасы командалары кездесті. №3 МӨЦ мен БӨЦ арасында өткен финалдық кезеңде №3 МӨЦ командасы жеңіске жетті.

Ойын кезінде ерекше белсенділік танытып жеңіске ұмтылған екінші вахта ауысымының жұмысшыларын ҚБМ басшылығы салтанатты түрде марапаттады. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.