К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қараша 16:30

Мұнайшылар спорттың бес түрінен бақ сынайды

Турнир шағын футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес және арқан тарту секілді спорттың 5 түрін қамтиды.

«Кіл жүйрікте кім жүйрік» демекші, спорт десе ішкен сайын жерге қоятын "Маңғыстаумұнайгаз" Ақ мұнайшылары үшін нағыз аламан, нағыз тартысқа толы дода басталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған турнир шағын футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес және арқан тарту секілді спорттың 5 түрін қамтиды.

Кеше 10 команда бақ сынаған мини-футболдан жарыс аяқталды. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Байрақты бәсекеде Газ дайындау тасымалдау және газ шаруашылығын пайдалану цехы жеңімпаз атанса, жеңіс тұғырының екінші сатысына АСАҚ командасы табан тіреді.

 

Жүлделі үшінші орынға МГӨК-3 мұнайшылары жайғасты. Бүгін волейболшылар спорт алаңында намысты қолдан бермеуге тырысады. Аталған турнир желтоқсанның 1 күні аяқталады.