«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығының арнайы тапсырмасымен құрылған мониторингтік топ «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларында болып, кенорындарның әлеуметтік-тұрмыстық ахуалына бақылау жұмыстарын жүргізді.
Өндірістік нысандардағы асханалардың талапқа сай жұмыс жасауы, мұнайшыларға берілетін тамақтың сапасы тексерілді. Жұмысшылар демалатын жатақханалардың да жай-күйі назардан тыс қалмады. Медициналық қызмет көрсетудегі дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі, олардың сақталу жағдайы – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болды.
Компаниядағы әлеуметік сала олқылықтарын алдын алуға бағытталған мұндай жұмыстар тұрақты өткізіліп тұрады.